АҚШ Иранмен соғысқа 37,5 млрд доллар жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Пит Хегсеттің айтуынша, аталған сома әскери шығындардың бір бөлігін және 30 қыркүйекке дейінгі болжамды шығындарды қамтиды. Пентагонның бұл көрсеткішті қалай есептегені нақтыланбады.
Хегсет пен Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кейн Конгрестен 87,6 млрд доллар көлемінде қосымша қаржыландыру сұрады.
Оның ішінде:
- 67 млрд доллардан астамы тікелей Иранмен соғысқа бағытталған;
- 46 млрд доллар оқ-дәрі сатып алуға және олардың өндірісін ұлғайтуға;
- 21 млрд доллар әскери қызметкерлердің ақшалай қамтамасыз етілуіне, жанармайға және техниканы жаңартуға жұмсалмақ.
Reuters агенттігінің дереккөзі наурыз айында соғыстың алғашқы алты күніндегі шығынды кемінде 11,3 миллиард доллар деп бағалаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу