АҚШ-тың Йель университеті Тәжікстанның денсаулық сақтау саласын өз қамқорлығына алады

405

Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен АҚШ-тың Йель университеті ғылыми-техникалық ынтымақтастық орнатпақ.  

АҚШ-тың Йель университеті Тәжікстанның денсаулық сақтау саласын өз қамқорлығына алады Фото: avesta.tj

Бұл туралы Inbusiness.kz Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, өзара іс-қимыл туралы алдын ала келісімге Душанбеде Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Гафур Мухсинзодамен профессор Фредрик Алтис басқарған Йель делегациясымен өткен кездесуінде қол жеткізілді.

Ынтымақтастық шеңберінде тәжік Денсаулық сақтау министрлігіне Йель университетінің АИТВ, В және С вирустық гепатиттерінің, сондай-ақ басқа да аурулардың алдын алу мен емдеуде техникалық көмек көрсететін болды.

"Кездесуде өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер талқыланды", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу