АҚШ-тың қорғаныс шығындары 900 млрд долларға жақындады

185

Америка әскери бюджетінің шығын жобасы тағы бір рекордтық көрсеткішке жетті. 

АҚШ-тың қорғаныс шығындары 900 млрд долларға жақындады Фото: pixabay.com

АҚШ Сенаты елдің 2024 қаржы жылына арналған әскери бюджетін бекітті. Заң жобасы Өкілдер палатасына жіберіліп, осы аптада қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттың соңғы келісілген нұсқасы ұлттық қорғанысты 886 млрд доллар көлемінде қаржыландыруды қарастырады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 млрд долларға көп. Дауыс беру кезінде Сенаттың 62 мүшесі жобаны қолдап, 10-ы қарсы дауыс берді.

CNN телеарнасы атап өткендей, заң жобасы 3 мыңнан астам беттен тұрады және елдің қорғаныс қажеттіліктеріне жоғары қаражат бөлуді ұсынады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл құжатта көзделген әскерилердің жалақысы АҚШ тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

Сондай-ақ, екі палатада дауыс бергеннен кейін құжатқа президент Джо Байден қол қоюы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу