Небраска штатында болған ірі орман өрттері салдарынан 243 мың гектар аумақ күлге айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
ABC News мәліметінше, штат өз тарихындағы ең ірі орман өрттерімен бетпе-бет келіп отыр.
Билік өкілдерінің айтуынша, қатты жел мен қолайсыз ауа райы өртті бақылауға алуды қиындатып, оны сөндіру жұмыстарын күрделендіріп отыр.
Штат губернаторы Джим Пиллен 14 наурызда төтенше жағдай жариялап, өрт сөндірушілерге көмек көрсету үшін АҚШ Ұлттық гвардиясын жұмылдырды. Пилленнің мәліметінше, орман өрттері салдарынан бір адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу