АҚШ-тың Нью-Йорк штатында электрондық темекіге тыйым салынды

1020

Жастар арасында темекіні насихаттайтын маркетингпен күреске қатысты заң жобасы қабылданбақ. 

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында электрондық темекіге тыйым салынды

Дәмдік қоспалары бар мұндай шылымдарға тыйымның енгізілуін штат губернаторы Эндрю Куомо қабылдаған. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында жариялады. 

 "Мен дәмдік қоспалары бар электрондық темекілердің сатылымына шектеу қоятын жарлықтың міндетті түрде орындалу керектігін жариялаймын", – делінген оның Твиттердегі парақшасында. 

Куомоның мәлімдеуінше, штат полициясы мен жергілікті денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерге шылым сатумен айналысатындарға қатысты шараларды қатаңдатып, жастар арасында темекіні насихаттайтын маркетингпен күреске қатысты заң жобасын қабылдамақ. 

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығы вейпингке құмар адамдардың арасында өкпе және тыныс алу органдары ауруларының жиілеп кеткенін мәлімдеді. Осы күнге дейін вейпке әуес 5 адамның осы шылым түрінен қайтыс болғаны тіркелген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу