АҚШ Ресейге санкциялар салған соң мұнай бағасы қымбаттады

584

Бүгін әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай өсті.  

АҚШ Ресейге санкциялар салған соң мұнай бағасы қымбаттады Фото: Reuters.com

Сарапшылар бұл өсімді АҚШ-тың ресейлік ірі мұнай компанияларына санкция енгізуімен байланыстырып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы соңғы сағаттарда 4,3 пайызға көтеріліп, барреліне 65 доллар 30 центке жетті.

Ал америкалық WTI сұрыпты мұнайының құны 61 долларға дейін қымбаттады.

Вашингтон әкімшілігі Мәскеу Украинадағы әскери әрекеттерін тоқтатпаса, санкциялық қысымның одан әрі күшейетінін мәлімдеді. Reuters-тің жазуынша, бұл жағдай жаһандық нарықтағы баға тұрақтылығына қосымша қысым жасап, мұнай экспорттаушы елдер үшін жаңа экономикалық тепе-теңдік іздеуге түрткі болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу