АҚШ-тың Индиана штатында пластик өңдеу зауыты өртенді

405

АҚШ-тың шығысындағы Ричмонд қаласында (Индиана штаты) пластикті қайта өңдеп, сақтайтын зауыт өртенді. 

АҚШ-тың Индиана штатында пластик өңдеу зауыты өртенді Фото: eadaily.com

Өрттен тараған улы түтіннің кесірінен 2 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға бұйрық берді. Бұл туралы бүгін inbusiness.kz жергілікті Fox 59 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Индиана штатының полициясы өрттің 2009 жылы жабылған бұрынғы Hoffco зауытында тұтанғанын айтты. Уэйн округінің билігі эвакуациялау туралы бұйрық өрттен бір шақырым радиустағы тұрғындар мен адамдарға қатысты деп хабарлады. Бұл аймақтан тыс адамдарға терезелерді жауып, үй жануарларын іште ұстауға кеңес берілді.

Ричмонд мэрі Дэйв Сноу бұл оқиғаны "үлкен ауқымды өрт" деп бағалады.

"Түтіннің улы екені рас. Өкінішке орай, өрт бірнеше күнге созылады", — деді Индиана өрт сөндіру бөлімінің бастығы Стив Джонс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу