АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарары бұғатталды

831

АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарары бұғатталды

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарарын бұғаттап тастады, деп хабарлайды 24.kz.

Құжатты қолдап Кеңеске мүше 12 ел дауыс берсе, Ресей мен Боливия қарсы шыққан, ал Қытай қалыс қалды. Ресей Федерациясының тұрақты өкілінің айтуынша, Вашингтон кезекті рет Кеңеске мүше елдер бірауыздан қолдамайтын құжатты дауысқа салып отыр. Айта кеткен жөн, Ресей ұсынған 2 резолюция жобасы да қабылданған жоқ. Өйткені бұл құжаттарды көпшілігі қолдамаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дума қаласында Сирия әскері химиялық қару қолданып,ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты деген ақпар желіде тарап кеткен еді. Көтерілісшілердің айтуынша, үкімет әскері жарылғыш заты бар бомбаны елді мекенге лақтырған. Ал ресми Дамаск болса өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу