Бұл туралы елдің уақытша Президенті Хан Док Су Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айтуынша, мұндай ерекше шешім тарихи жауапкершілікпен байланысты. Яғни, Корея соғысы кезіндегі АҚШ-тың көрсеткен көмегі үшін алғыстың белгісі.
"АҚШ соғыстан кейін бізге технологиялар, инвестициялар мен қауіпсіздік кепілдіктерін берді. Бұл Кореяда шетелдік инвесторлар үшін өте қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға көмектесті. Біздің өндірістік қуатымыз, қаржылық дамуымыз, мәдениетіміз, экономикалық өсуіміз бен әл-ауқатымыз – мұның бәрі АҚШ-тың көмегіне тікелей байланысты", – деп мәлімдеді Президент.
Оңтүстік Корея қазіргі геосаяси және сауда қатынастарында АҚШ-пен әріптестікті сақтап, алғыстың белгісі ретінде Оңтүстік Корея АҚШ енгізген баж салығына қарсы күресудің орнына, екі тарап үшін де тиімді шешімдер табу мақсатында келіссөздер жүргізуді бастамақ.
Мемлекет басшысы кейбір салаларға белгілі бір қиындықтар тиюі мүмкін екенін мойындады, алайда cауда қатынастарын ырықтандыру корей халқының әл-ауқатын арттыратынын айтты.