АҚШ-тың Транстынықмұхит серіктестігінен шығуы Германияға артықшылықтар береді – ГФР вице-канцлері

1109

АҚШ-тың Транстынықмұхит серіктестігінен шығуы Германияға артықшылықтар береді – ГФР вице-канцлері

АҚШ президенті Дональд Трамптың Транстынықмұхит серіктестігі (ТТС) туралы келісімге елдің қатысуынан бас тартуы Германия үшін жағымсыз салдар тудырмайды, деп мәлімдеді сейсенбі күні  ГФР вице-канцлері Зигмар Габриэль.
"Егер Дональд Трамп Азия және Оңтүстік Америка елдерімен сауда соғысын бастайтын болса, бұл  біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді ол немістің Handelsblatt басылымына берген сұхбатында.
"Дональд Трамп АҚШ экономикасының бәсекелестікке төтеп бере алмайтынын мойындағаны абзал, ал Германия экономикасы туралы олай айтуға келмейді", – деп атап өтті Зигмар Габриэль
Осының алдында АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ТТС-тен шығу процесін бастау туралы меморандумға қол қойған болатын.
Вашингтон 2008 жылдың ақпанынан бері  ТТС жобасына қол қойған тарап болып табылады, алайда тиісті құжатты АҚШ конгресі мақұлдамаған.  Ол күні бүгінге дейін талқыланып келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу