АҚШ-тың визасын алушы енді әлеуметтік желідегі парақшалары туралы ақпарат береді

1012

 АҚШ миграциялық тәртіпті қатаңдатты.

АҚШ-тың визасын алушы енді әлеуметтік желідегі парақшалары туралы ақпарат береді

Енді бұл елдің визасын алу үшін өтініш беруші әлеуметтік желідегі парақшалары туралы ақпарат беруі тиіс, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа тәртіп мамырдың 31-і күні күшіне енді. Ол дипломатиялық және ресми делегация визаларынан басқа туристік, студенттік және жұмыс визаларының бәріне дерлік қолданылатын болады. Виза алушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары, электрондық поштасы және соңғы 5 жылдағы телефон нөмірлері туралы ақпарат береді. Ал егер бұл мәліметтер жасырылса, оның салдары ауыр болмақ. Айта кетейік, АҚШ миграциялық органдары бұған дейін шетелдіктердің әлеуметтік желісін тек аса қажеттілік туған кезде ғана тексеретін. Шара көбіне виза алушы қақтығыс аймақта болған кезде қолданылатын.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу