АҚШ Тынық мұхитқа үшінші ұшақ тасығыш кемесін аттандырды

828

АҚШ Тынық мұхитқа үшінші ұшақ тасығыш кемесін аттандырды

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Нимиц" ұшақ тасығышы "Карл Винсон" мен "Рональд Рейган" тобына жақын арада қосылуы керек, деп хабарлайды 24.kz

Сарапшылардың айтуынша, негізі бейбіт уақытта үш кеме тасығыштың бір ауданға шоғырлануы – өте сирек жүзеге асырылатын іс-қимыл. Ал Құрама Штаттардың мұндай қадамға баруына Солтүстік Кореяның соңғы уақытта бірнеше зымыранды сынақтан өткізуі себеп. Осыған байланысты Ақ үй Пхеньян тағы бір ядролық сынақ жасаса, оның әскери нысандарына соққы беретінін мәлімдеді. Бірақ артынан Қытай елінің көмегіне сүйеніп, мәселені тек келіссөзбен шешетінін жеткізді. Солтүстік Корея болса АҚШ тарапынан қауіп төніп тұрғанын сылтауратып, ядролық бағдарламасын жалғастыра беретінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу