АҚШ Украинаға 180 млн долларға NASAMS қаруын сатып алып береді

738

Бұл қару Массачусетс штатында жасалады.

АҚШ Украинаға 180 млн долларға NASAMS қаруын сатып алып береді

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Raytheon Co. компаниясымен келісімшарт жасасты. Құжат бойынша Пентагон Украинаға "жер-ауа" санатындағы NASAMS деп аталатын зениттік зымыран кешендерін 182 миллион долларға сатып алып береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Raytheon Co. (Тьюксбери, Массачусетс штаты) озық үлгідегі NASAMS зымыран кешендерін 182 млн 295 мың 333 долларға сату туралы келісімшартқа қол қойды", – деп жазылған Пентагонның хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл қарулар Массачусетс штатында жасалады. Олар тек 2024 жылдың 2023 тамызына дейін шығарылады. 

Қаражат Вашингтон жүзеге асырып жатқан "Украина қауіпсіздігін қолдау бастамасы" аясында бөлініп отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу