АҚШ Украинаға 275 миллион доллардың қаруын жөнелтпек

486

Қазір украиндар Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін қорғап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Рейтер" агенттігіне сілтеме жасап.  

АҚШ Украинаға 275 миллион доллардың қаруын жөнелтпек Фото: REUTERS

Агенттік дерегінше, жаңа траншқа дрондарға қарсы арсенал, HIMARS реактивтік жүйесіне қажетті зымырандар, әскери автомобильдер және гаубица снарядтары кіреді.

Ақпаннан бері Вашингтон Киевке 19,1 миллиард доллардың қауіпсіздік жәрдемін жөнелткен. Қазір Украина әскері жаудан Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін қорғап жатыр.

Сондай-ақ бүгін украин жауынгерлері Луганск облысының Сватова қаласында қарымта шабуылға көшуге кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу