АҚШ Украинаға 80 тоннадай оқ-дәрі жеткізді

887

27 тамызда Ақ үй басшысы Пентагон есебінен осыншама қаражат бөлуді бұйырған еді.

АҚШ Украинаға 80 тоннадай оқ-дәрі жеткізді

Америка Құрама Штаттары Украинаға шамамен 80 тоннадай оқ-дәрі жіберді, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ-тың Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап. Бұл шара америкалық Президент Джо Байденнің тамыз айында мақұлдаған әскери көмек аясында жүзеге асырылып отыр. 

"Украина АҚШ-тан шамамен 80 тоннадай оқ-дәрі алды. Бұл көмек АҚШ-тың демократиялық және еркін Украинаны қолдайтындығын білдіреді", – деп жазылған елшіліктің хабарламасында.

27 тамызда Ақ үй басшысы Пентагон есебінен Украинаға 60 миллион доллар көлемінде қаражат бөлуді бұйырған еді. Қаражат Қорғаныс министрлігінің қызметі мен қорғаныс құралдары, сондай-ақ әскери білім мен дайындыққа жұмсалды. Әскери көмек пакетіне сонымен қатар Javelin деп аталатын танкке қарсы зымыран жүйелері кіреді.

Табиғат Нұрболат

Фото: defensenews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу