АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуін жалғастырады

1446

Өткен аптада АҚШ Украинаға 200 миллион доллар көлеміндегі әскери көмектің жаңа пакетін жариялаған болатын.

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуін жалғастырады Фото: reuters.com

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуін жалғастырады. Бұл туралы Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің Украина төңірегіндегі жағдайға арналған кездесуі қарсаңында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"АҚШ және оның НАТО-дағы одақтастары Украинаны қолдайды. Украинаның заңды үкіметі бар. Біз олардың өздерін қорғау мүмкіндігін қолдаймыз", – деді ол. 

Өткен сенбіде АҚШ Украинаға 200 миллион доллар көлеміндегі әскери көмектің жаңа пакетін жариялады. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің айтуынша, осылайша Вашингтон әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі 1,2 миллиард доллардан асты. Пентагон Украинаға Stinger деп аталатын зениттік зымыран жүйелерін және танкке қарсы Javelin зымыран жүйелерін, оқ-дәрілерді жібереді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу