Ол АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеудегі делдалдық рөлінен шығуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазір біз екі тараптың да осы қақтығысты қалай тоқтатуға болатыны туралы нақты ұсынысын айтуы керек уақытта тұрмыз. Ары қарай қалай әрекет ететініміз – президентке тиесілі шешім. Егер ілгерілеу болмаса, біз бұл процесте делдал ретінде шегінеміз, – деді Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс.
Мұны АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да ашық айтқан еді. Десе де, соңғы шешімді Дональд Трамптың өзі қабылдамақ.
– Ол егер ілгерілеу болмаса, онда біз бейбітшілік процесін қалдырамыз. Бұл – хатшының айдан анық мәлімдемесі. Бұл оның маған жақында ғана айтқаны, – деді Брюс Марко Рубионың сөзіне жан бітіріп.
Осыған дейін Лавров Путиннің атысты уақытша тоқтатуының астарында не жатқанын айтқан болатын.