АҚШ Украинаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

494

Вашингтон Украинадағы атысты тоқтату бойынша Киевке 22 нақты шартты ұсынған.  

АҚШ Украинаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Фото: RBC-Ukraine

Украина өз келісімін беріп отыр. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогг Fox News телеарнасының эфирінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты УНИАН-ға сілтеме жасап.

Кит Келлоггтың сөзінше, өткен аптада Украина Лондонда өткен кездесуде тиісті шарттармен танысты. Келісім қазіргі жағдайда атысты тоқтатуды және 30 күнге бітімгершілікке келуді көздейді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі  АҚШ Ресейдің аумаққа қатысты талаптарын ішінара мойындауға дайын екенін де айтты.

Оның мәлімдеуінше, Украина аумақтық шығындарды іс жүзінде мойындауға дайын болғанымен, заңды түрде мойындағысы жоқ. Бұл бүгінде басып алынған аумақтарға ғана қатысты.

"Олар атысты тоқтату режимі енгізілген жағдайда әр тарап өз бақылауындағы аумақтарда қалатынын түсініп отыр. Олар осыған дайын. Өткен аптада олар бұл келісімді өзара талқылағандарын айтты. Олар қазіргі шептер бойынша атысты тоқтатуға дайын", – деді Кит Келлог.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу