АҚШ Украинаны жалғыз қалдырмауға уәде берді

985

Ұлыбритания патшайымының жұбайы, Ханзада Филипп өмірден озды. Ол екі айдан кейін 100 жасқа толар еді.   

АҚШ Украинаны жалғыз қалдырмауға уәде берді

Әйелдер құқығы талқыланған кеңесте әйел-саясаткер орынсыз қалды. Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге орындық қойылмағанын  әлем талқылауда. Ал Ердоған диктатор деген атаққа ие болды. Ердоғанды бұлай атаған кім және не үшін? 

Дағдарысқа қарсы екпе. Әлемдік экономиканың қалпына келуі вакцинациға байланысты болмақ. Сонымен, жаһандық экономика пандемияға дейінгі деңгейге қашан оралады?  

Мен сенің жағыңдамын. АҚШ Украинаны Ресейдің агрессиясына қарсы іс-қимылда жалғыз қалдырмауға уәде берді. Ал Владимир Путин Ангела Меркельмен сөйлесті. Билік басшылары телефон арқылы не туралы тілдесті? 

Үйінді астында қалған театр. Соғыстан кейін алғаш рет Ирактің Мосул қаласында театрлар өз есігін ашты. Ұзақ уақыт бойы соғыстан көз ашпаған көрермендер эмоциясын жасырмады. Толығырақ Atameken Business-тің "Әлем тынысынан" көріңіздер:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу