АҚШ Ұлттық ұланға құрал-жабдықтар тапсырды

623

Сондай-ақ қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін 21 орынды компьютерлік зертхана сыйға тартылды.

АҚШ Ұлттық ұланға құрал-жабдықтар тапсырды

АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттік  (DTRA) Ұлттық Ұланға құрал-жабдықтар тапсырды, деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінен.

Құрал-жабдықтар қатарында қарауыл мұнаралары, автомобильдер, снегоходтар, квадроциклдер, радио және спутниктік телефондар, тактикалық жабдықтар және жаттығу құралдары бар. Бұл техниканы Ұлттық Ұлан ядролық реакторлық кешендерді қорғау үшін пайдаланбақ.

Сондай-ақ қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін 21 орынды компьютерлік зертхана сыйға тартылды.

Аталған іс-шара АҚШ-пен Қазақстан арасындағы 26 жылдан астам ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестік аясында жүзеге асып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу