АҚШ вакцинаның 1,2 миллиард дозасын үлестіреді

594

Әлемде осы күнге дейін жасалған вакцинациялардың саны 8 миллиардтан асты. АҚШ билігі басқа елдерге вакциналарды үлестіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

АҚШ вакцинаның 1,2 миллиард дозасын үлестіреді

"Келесі жылдың аяғында біз басқа елдерге вакцинаның 1,2 миллиардтан астам дозасын сыйға тартамыз", – деді Блинкен. 

Бұған дейін Мәскеудегі Америка университетінің президенті, саясаттанушы Эдуард Лозанский АҚШ вакциналау мәселесін саясаттандыруда және бұл елдің ресейлік вакцинаға қатысты белгілі бір ұстанымы бар деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, америкалық нарыққа шетелдік бәсекелестердің, соның ішінде "Спутник V" вакцинасының пайда болуы тиімсіз.

Ескере кететін жайт, әлемде осы күнге дейін жасалған вакцинациялардың саны 8 миллиардтан асты. Олардың басым бөлігі (4,16 миллиард) үш елге тиесілі – Қытай (2,5 миллиард), Үндістан (1,2 миллиард) және АҚШ (0,46 миллиард).

Табиғат Нұрболат

Фото: unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу