АҚШ Венесуэладағы операция кезінде "құпия қару" қолданған

347

Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау кезінде операция жүргізген арнайы жасақ өкілдері "құпия қаруды" қолданған. 

АҚШ Венесуэладағы операция кезінде "құпия қару" қолданған Фото: © REUTERS / Maxwell Briceno

Бұл туралы Мадуроны күзеткен сарбаздардың бірі берген сұхбаттан белгілі болды. Ақ үй өкілдері материалды X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Біз жүздеген адам болдық. Алайда бізде ешқандай мүмкіндік болмады. Бір уақытта олар бірдеңені жіберді. Оның не екенін білмеймін. Бұл өте қуатты дыбыс толқынына ұқсады. Кенеттен басым жарылып кеткендей күйде болдым. Бәріміздің мұрнымыздан қан бұрқ етті. Кейбіреулер қан құсып жатты. Біз жерге ұшып түстік. Қимылдай да алмадық. Сол дыбыстық қарудан кейін орнымыздан да тұра алмадық", – деді оқиға куәгері.

Бұған дейін Венесуэланың Ішкі істер министрлігі операция кезінде америкалық әскерилердің 100-ден астам венесуэлалық әскери қызметкерді өлтіргенін хабарлаған болатын.

The New York Post газетіне пікір білдірген сарапшының айтуынша, әскери құрылымдарда микротолқындар немесе лазер сәулелері бірнеше жылдан бері қолданылады. Бұл сарапшы 2020 жылы Қытай әскерінің Ладакх аймағында үнді сарбаздарына қарсы микротолқынды қару пайдаланғанын жеткізді. Сарапшының сөзінше, егер куәгердің мәлімдемесі шын болса, онда америкалық әскерилер мұндай қаруды алғаш рет қолданып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу