АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдаушы 6 компаниясына санкция салды

152

Бұл туралы АҚШ-тың Қаржы министрлігі хабарлады. 

АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдаушы 6 компаниясына санкция салды Фото: ТАСС

АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроның жұбайының үш жиеніне, олармен байланысы бар бизнесменге және Оңтүстік Америка елінен мұнай тасымалдайтын 6 компанияға жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Николас Мадуро мен оның қылмыстық сыбайластары Венесуэлада америкалықтарды улайтын есірткімен АҚШ-ты толтырып жатыр", – делінген АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің мәлімдемесінде.

Пентагон Венесуэла жағалауында мұнай танкерін жаулап алғанын мәлімдеген болатын. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бірнеше айдан бері Николас Мадуроға қысым көрсетіп отыр. Вашингтон оны есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын террористік ұйымды басқарады деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу