АҚШ визалық сұхбаттарды уақытша тоқтатты

72

Мұндай шешім әлем бойынша қабылданып отыр.  

АҚШ визалық сұхбаттарды уақытша тоқтатты Фото: usgreencardoffice.com

Бұл – Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату бағытындағы кезекті қадамы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік департаменттің өкілдері тамыз айының басында АҚШ елшіліктері мен консулдықтарында жаңа бастаманың қолға алынғанын растады. Ведомство әрбір өтініш берушіні мұқият бағалау мақсатында рәсімдерді қайта қарап, консулдық қызметкерлеріне қосымша оқыту шаралары өткізіледі.

Енді мамандар үміткердің АҚШ-та мемлекеттік жәрдемақыға тәуелді болып қалу ықтималдығын мұқият бағаламақ. АҚШ билігі жақын уақытта 200 мыңға жуық шетелдіктің визасын жарамсыз етуі мүмкін.

Бұған дейін 175 мың шетелдік визаның күші жойылған еді. Олардың көбіне қылмыстық іске қатысы бар деген себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу