АҚШ заңсыз иммигранттарға қарсы күресті күшейтеді

449

АҚШ үкіметі Латын Америкасынан заңсыз иммиграцияға қарсы бірқатар жаңа шаралар енгізілгенін жариялады.  

АҚШ заңсыз иммигранттарға қарсы күресті күшейтеді Фото: РБК

Оларға заңсыз иммигранттарды депортациялауды жеделдету, сондай-ақ АҚШ-қа заңды түрде келген Венесуэла, Гаити, Никарагуа мен Кубадан айына 30 мың адамды қабылдау квотасы жатады, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама бойынша, иммигранттар шақыру бойынша немесе құқық қорғау органдарының рұқсатымен елге кірсе, оларға екі жыл жұмыс істеу құқығы беріледі.

"Шекараға бостан-босқа келудің қажеті жоқ. Өзіңіз тұрып жатқан жерде болыңыз және сол жерден заңды түрде өтініш беріңіз. Бүгіннен бастап, егер сіз заңды рәсім бойынша өтініш бермесеңіз, сіздің жаңа қабылдау бағдарламасына құқығыңыз болмайды. Ал өзгерістердің оң нәтиже беретінін, әділдік пен адамгершілікке негізделген ережелерді қамтитынына өзім кепілдік беремін, сондықтан заңсыз әрекеттерге бармайық", - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Жексенбіде Байден президент ретінде алғаш рет оңтүстік шекараға бет алады. Ол мигранттар ағынынан көз ашпайтын Техас штатындағы Эль-Пасо қаласына бармақшы. Содан кейін Мехикодағы Солтүстік Америка елдерінің көшбасшыларының кездесуіне қатысады, олармен көші-қон мәселелерін талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу