АҚШ Жапонияны ядролық қарумен қорғайтынын растады

533

Америка Құрама Штаттары Жапонияның қауіпсіздігін керек болса ядролық қару-жарақтың көмегімен қамтамасыз ететінін ресми мәлімдеді. 

АҚШ Жапонияны ядролық қарумен қорғайтынын растады Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбіде Вашингтонда өткен екі елдің сыртқы саяси және әскери ведомстволары басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған Америка мен Жапония Үкіметінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

"Америка Құрама Штаттары өзара ынтымақтастық пен қауіпсіздік кепілдіктері туралы шарттың 5-бабына сәйкес Жапонияны қорғауға деген мызғымас міндеттемесін [әскери] әлеуеттің барлық құралдарын, соның ішінде ядролық құралдарды қолдана отырып іске асыратынын қайта мәлімдейді", - делінген құжатта.

Онда тараптардың әрқайсысы одақтасқа қарсы кез келген әскери шабуылды өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде қарастыратын және соған байланысты өз Конституциясының ережелеріне сәйкес әрекет етуге құқылы екені айтылады.

Мәлімдемеде Вашингтондағы кездесуге қатысушылар Жапонияны америкалық ядролық қорғанның астына алуға қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу