Ақша айырбастау бекеттерінде доллар 440 теңгеден саудалануда

1577

Ұлттық валюта 6 наурыз бен 13 наурыз аралығында 6,1%-ға құнсызданды. 

Ақша айырбастау бекеттерінде доллар 440 теңгеден саудалануда Фото: Максим Морозов

Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 наурыздағы кешкі сессия 1 доллар 405,62 теңге нәтижесімен аяқталған. Алайда Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы таратқан хабарламасынан кейін АҚШ валютасы күрт қымбаттады.

kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау бекеттерінде 1 доллар орта есеппен 422-427 теңгеге сатылуда. Қос шаһарда тіркелген ең жоғары бағам – 440 теңге. Ал Ұлттық банктің бекіткен ресми нарықтық бағамы – 405, 46 теңге. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу