"Ақша сұрады ма, қашу керек...": Нұрлан имам жалған емшіден қалай сақтану керек екенін айтты

142

Имамның сөзінше, дем салуға мұқтаж адам тек мешіттерге жүгінгені дұрыс.

"Ақша сұрады ма, қашу керек...": Нұрлан имам жалған емшіден қалай сақтану керек екенін айтты Фото: Dana Nurzhigit каналы

"Ырыскелді қажы" мешітінің Бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы BIZDIÑ ORTA подкастінде жалған емшілерге ұрынбаудың қарапайым шарттарын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 "Бірінші, ақша сұрады ма, қашу керек. Мейлі, ол тіпті салық төлейтін болса да, сақ болу керек. Дінімізде дем салу сияқты жоралғылар үшін нақты баға қою жоқ. Содан қашу керек деп айтар едім. Екіншіден, сіз өз-өзіңізге дем сала аласыз", – деді ол.

Имамның сөзінше, дем салуға мұқтаж адамға тек мешіттерге жүгінген дұрыс.

"Үшіншіден, қандай дем салу керек болса да, әуелі жергілікті мешіттің имамына барыңыз. Одан кейін тура сондай бір жердің басқа имамына барыңыз. Сол жерде салыстыру арқылы ой қорытасыз", – деді Нұрлан имам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу