Ақшаны бәс тігуге жұмсаған: Ұлытау облысында алимент төлеуден бас тартқан 22 әке жауапқа тартылмақ

277

Облыстық прокуратура берешегі бар азаматтарға мониторинг жүргізді.    

Ақшаны бәс тігуге жұмсаған: Ұлытау облысында алимент төлеуден бас тартқан 22 әке жауапқа тартылмақ Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Талдау барысында алимент бойынша берешегі бола тұра, букмекерлік кеңселерде тұрақты түрде бәс тіккен 22 ер адам анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облыстық прокуратурасының мәліметінше, олардың бірі 3,9 млн теңге көлемінде алимент қарызына қарамастан, 2020 жылдан бері букмекерлік кеңседе тіркелген. Осы уақыт ішінде ол жеке есепшотына 4,6 млн теңге аударып, 3,1 млн теңге ұтыс алған. Алайда бұл қаражаттың ешқайсысы балаларын асырауға жұмсалмаған.

Аталған деректер бойынша балаларды асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу