"Ақшаны бояу" пилоттық жобасы іске қосылды

325

Құзырлылар жемқорлықпен күресудің жаңа тәсіліне көшті.   

"Ақшаны бояу" пилоттық жобасы іске қосылды Фото: gov.kz

Бюджет қаражатын игеруде "ақшаны бояу" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Ақшаны таңбалап және қадағалау цифрлық теңге платформасының көмегімен жүзеге асады. Пилоттық жоба бірінші жемқорлыққа неғұрлым бейім секторларға енгізіледі. Жол салу, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына бөлінген қаражатты пайдалану және ауыл шаруашылығын субсидиялау сыбайластық тәуекелдері жоғары сала ретінде айқындалған. Жобаны сынақтан өткізу аталған салалардан басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу