Ақшаны қарызға беріп, интим талап еткен: Арқалықта блогер сотталды

280

Айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Ақшаны қарызға беріп, интим талап еткен: Арқалықта блогер сотталды Фото: azh.kz

Тергеу мәліметінше, 35 жастағы ер адам кейбір әйелдерге қарызға ақша беріп, кейін олардан интимдік қарым-қатынас талап еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ТоболИнфо" ақпараттық агенттігінің жазуынша, Арқалық қалалық соты "Арайлы Арқалық" YouTube арнасының авторы Қанат Әлімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Сот оны әйелдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған бірқатар қылмыс бойынша кінәлі деп таныды.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, жәбірленушілер мұндай талаптан бас тартқан жағдайда, күдікті олардың еркінен тыс жыныстық сипаттағы әрекеттерге барған.

Сот құжаттарына сәйкес, Қанат Әлімбаевқа Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау"), 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") және 123-бабы ("Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу") бойынша айып тағылған.

"Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген хабарламада.

Қылмыстық істің толық мән-жайы жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу