Ақшасын үнемдеген зейнеткер есепшотындағы бар жинағынан айырылды

345

Петропавл қаласында 72 жастағы зейнеткер үш ай бойы картасынан ақша алмағаны үшін зейнетақы төлемі тоқтатылды.  

Ақшасын үнемдеген зейнеткер есепшотындағы бар жинағынан айырылды Фото: gov.kz

Зейнеткер ақшасын шипажайға жинап жүріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төлем алу үшін келгенде шотының бос екенін көрген. Әлеуметтік бөлімнің хабарлауынша, заңға сәйкес 3 ай бойы картадан ақша алынбаса, төлемдер уақытша тоқтатылады. Ал жинау үшін алдын ала өтініш беру қажет.

Қарт әйелге ешқандай ескерту жасалмаған, қоңырау шалынбаған, әлеуметтік қызметкер келмеген. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу