Ақсу шатқалының ғажайып көрінісін тамашалайтын жаңа орын ашылды

338

100 жылдық тарихы бар табиғатты жаңа қырынан тануға мүмкіндік туды.    

Ақсу шатқалының ғажайып көрінісін тамашалайтын жаңа орын ашылды Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай Ақсу құз-шатқалында жаңа көру алаңы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақсу шатқалы – қорықтағы ең танымал табиғи нысандардың бірі. Оның тереңдігі 300–500 метрге, ал жоғарғы бөлігінің ені 800 метрге дейін жетеді.

Енді келушілер арнайы алаңнан шатқалдың кең панорамасын тамашалай алады. Жаңа нысан табиғатты қауіпсіз бақылауға жағдай жасап, қорықтағы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу