"Ақсу" украиналық маманның қолына өтті

1087

Енді футбол командасын Руслан Костышин жаттықтырады.

"Ақсу" украиналық маманның қолына өтті

Өткен жылы бірінші лигада жеңіске жетіп, Премьер-лигаға алғаш рет жолдама алған "Ақсу" футбол клубы жаңа бапкермен келісімшарт жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Руслан Костышин – Украинадағы Хмельницкий қаласының "Подолье" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Алдымен туған қаласында кәсіби командаларда ойнап, кейін киевтік "ЦСКА", "Днепр" және криворожье "Кривбасс" құрамында доп тепті. Украина Премьер-лигасында 300-ге жуық матч өткізді.

2014 жылдың ақпан айында "Колос" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Руслан Костышиннің жетекшілігімен аталмыш команда ойыншылары Киев облысының чемпионатынан, яғни әуесқойлар біріншілігінен элиталық дивизионға дейін көтерілді.

2020 жылдың қыркүйегінде ковалевиялықтар еурокубоктарда дебют жасап, "Колос" Украинаның үздік төрт командасының сапына ілікті.

Ал кеше Руслан Костышин "Ақсу" футбол клубымен келісімшарт жасады. Павлодар облысынан Премьер-Лигада ойнайтын жалғыз футбол командасын енді украиналық маман жаттықтырады. Жақын күндері жаңа бапкердің жетекшілігімен Түркияда оқу-жаттығу жиындары басталуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ақсу" ойыншыларын испаниялық маман – Альберт Риера жаттықтыратыны айтылған болатын. Тіпті, өткен жылдың желтоқсан айында тиісті келісімшарт жасалуы керек еді. Бірақ Испания құрама командасының бұрынғы ойыншысы түркиялық "Галатасарай" клубында жұмыс істеуді жөн көрді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу