Ақсу-Жабағылы қорығында санақ басталды

74

Түркістан өңіріндегі Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құсқа күзгі санақ басталды.   

Ақсу-Жабағылы қорығында санақ басталды Фото: qazaqgeography.kz

Ұлттық парк қызметкерлері жабайы жануарлардың санын нақтылап, қыс мезгіліне дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Мұнда отандық саяхатшылармен қатар шетелден келушілердің саны да көбейген. Табиғат қорғау аумағында орнатылған жасырын камераға қонжықтың қызығушылық танытып тұрған сәті жазылған. Қазір бұл жабайы аң қысқы ұйқыға қамданып жүр. Сонымен қатар, арқар мен тау ешкілері де жиі көзге түсе бастады. Қорық қызметкерлері күзгі санаққа түгел жұмылдырылды. Жыртқыштар мен тұяқты жануарлардың дәл есебін алу үшін арнайы алгоритм әзірленіп, 4 күндік жоспар бекітілген.

Бұған дейінгі сараптамада 42 түрлі аң мен 200-ден астам құс түрі анықталған. Енді көрсеткіш қайта жаңғыртылып, табиғи тепе-теңдікті сақтау шаралары пысықталады. Ақсу-Жабағылы қорығы тек жануарлар әлемімен ғана емес, өсімдіктердің алуан түрлілігімен де ерекшеленеді. Мұндағы мыңнан астам ағаш түрінің 41-і "Қызыл кітапқа" енген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу