Ақтау автобустары Ashyq-пен жүреді

760

Ақтау қаласының автобустары Ashyq жүйесімен жұмыс істей бастады. Ол "қызыл" және "сары" мәртебесі бар жолаушылар анықтауға мүмкіндік береді, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтау автобустары Ashyq-пен жүреді

"Біз алгоритмді әзірлегенде, процесті қалай ыңғайлы ұйымдастыруға болатынын қарастырамыз. Біз ешкімді көшеде қалдырмаймыз, бәрі де автобусқа отырады", - дейді компанияның операциялық жетекшісі Жәнібек Миралиев.

Cондай-ақ, "Сaspiy" автопаркі 18 жасқа дейінгі балалардың тексерілмейтінін, ал заманауи смартфондары немесе интернеті жоқтар ЖСН арқылы тексерілетінін хабарлайды.  Ал "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдар автобусқа кіргізілмейді.

Айта кетейік, Ashyq жүйесі бұған дейін Атырау қаласының қоғамдық көліктеріне енгізілді.

Құралай Қуатова
                                 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу