Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан 4 адам бірдей көз жұмды

893

Ақтау-Бейнеу республикалық тас жолының 325 шақырымындағы жол-көлік оқиғасында төрт адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шеккен. 

Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан 4 адам бірдей көз жұмды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, “Lada Priora” маркалы автокөліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, Mercedes Benz S-320 автокөлігімен соқтығысты. 

Жол көлік оқиғасы салдарынан апат орнында екі жүргізуші, Lada Priora автокөлігінен екі жолаушы қаза тапты. Сонымен қатар, екі жолаушы зардап шекті. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жол көлік оқиғасы кеше күндізгі уақытта болған. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу