Ақтау гарнизонында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

657

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ақтау гарнизонында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: gov.kz

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. 

Айта кетелік, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу