Ақтау қаласына келетін шетелдік туристер жарна төлейді

633

Бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында шығарылған бұл шешім 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі. 

Ақтау қаласына келетін шетелдік туристер жарна төлейді Фото: "Сартас" туристік агентті

Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі – жалпы демалу құнының 1 % мөлшерінде бекітілді. Мұндай туристік жарна төлеу практикасы Грузия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды әлемнің көптеген елінде жолға қойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Шетелдік туристерден алынатын ақша Ақтаудағы туризмді дамыту бағытына жұмсалмақ. Соңғы кездері өңірге келетін туристер санының көбейгенін ескерсек, қазынаға әжептеуір қаржы түсуі мүмкін”, - дейді Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу