Ақтау, Құрық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды

1149

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Каспий теңізіндегі порттар арасында 1 млн тонна жүк тасымалданды.

 Ақтау, Құрық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды

2020 жылдың алғашқы 5 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 2,6 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұл ретте жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 10% артқан.

"Өткен жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 2564 болса, биыл 2824-ке жетті. Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеу 19% өсіп, 11 712 болды",– деп жазылған хабарламада.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Каспий теңізіндегі порттар арасында 1 млн тонна жүк тасымалданыпты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, көрсеткіш 104%-ға жеткен. (967 мың тонна).

"Бекітілген тәртіпке сәйкес карантиндік кезеңде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға енгізілген шектеу сақталады. Бірақ, оның шетелдерден қайтып келетін қазақстандық азаматтарға қатысы жоқ",– деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда Баку – Құрық паромдық қатынасымен 161 адам қайтарылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу