Ақтау маңында AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға ескерткіш қойылды

Монумент Шешенстандағы Гейдар Әлиев атындағы скверде орнатылған.  

Ақтау маңында AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға ескерткіш қойылды Фото: Чечня сегодня

Ашылу рәсіміне Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мұстафаев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шешенстан президент әкімшілігі мен үкіметінің басшысы Галас Таймасханов қайғылы оқиға бәрі үшін ауыр соққы болғанын жеткізді. 

– Бұл апат барлығымыз үшін қорқынышты жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсінде қаза тапқан жолаушыларды еске алуға арналған ескерткіш тақтаны ашып отырмыз, – деді ол. 

Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған, олардың 38-і қаза тапты. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған, десе де Ресей аумағында әуеде зақымданған. 
Келесі күні Reuters пен Euronews агенттіктері Бакудегі дереккөздерге сілтеме жасап, ұшақтың ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілгенін хабарлады. Мәліметке сәйкес, ұшқыштарға Ресейдегі әуежайлардың біріне қонуға рұқсат берілмей, Қазақстанға ұшуға бұйрық берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу