Ақтау мен Атырау әуежайларында жолаушыларға рейстердің кешігетіні хабарланды

235

Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлама келді.

Ақтау мен Атырау әуежайларында жолаушыларға рейстердің кешігетіні хабарланды Фото: informburo.kz

Бұл жағдайға өңірлердегі жайсыз ауа райы себеп болғаны нақтыланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атырауға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз, – делінген аталған әуе компания хабарламасында.

Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейске қатысты ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қолданбадан қарау ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу