Ақтау мен Жаңаөзенде автогаз тапшы

780

Оған газбен жүретін көліктің күрт көбеюі себеп болған. 

Ақтау мен Жаңаөзенде автогаз тапшы

Маңғыстау облысының жүргізушілері автогаздан қатты тапшылық көруде. Әсіресе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының тұрғындары қиналып жатыр. Газ құю бекеттерінің алды ұзын-сонар кезек, көбінесе олар таңертеңнен күндік нормасын орындап тастап, есіктерін тарс жабады. 

Облыстық энергетика басқармасы мұның себебін газбен жүретін көліктердің күрт көбейгенімен түсіндіреді. Оның үстіне карантин тәртібі жеңілдегеннен кейін көшеде көліктер саны да өсе түскен. 

"Қазақ газ өңдеу зауыты ай сайын 14200 тонна газ өндіреді. Яғни зауыттан ешқандай проблема жоқ. Автогаз сататын бөлшек сауда иелері ай сайын отынды кесте бойынша алып отыр. Бірақ олардың көбі қолындағы сұйытылған газды сатып жіберген, сол себепті қазір кестеге өзгерістер енгізіп жатырмыз. Сонымен бірге қосымша сұйытылған газ бөлеміз",  –  дейді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының маманы Бауыржан Ерпан. 

Арнайы басқарма өкілі шамамен алдағы үш күн ішінде проблема шешіледі деп сендіреді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу