Ақтау портында су түбін тереңдету жұмыстары басталды

293

Ағымдағы мәселелерді жедел шешу және жобаға қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс кеңестері өткізіледі.  

Ақтау портында су түбін тереңдету жұмыстары басталды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Ақтау портында су түбін тереңдету бойынша негізгі жұмыстар басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба порт инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымал тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жұмыстар Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты қолға алынды. Жоба аясында шамамен 1,3 млн текше метр топырақ алынып, порт акваториясының тереңдігін 6–7 метрге дейін ұлғайту көзделген.

Бұл порттың өткізу қабілетін арттырып, ТХКБ бойынша тасымал көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға және теңіз арқылы жүк тасымалдау құнын шамамен 10–15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және порт инфрақұрылымына инвестиция тартуға ықпал етеді.

Мердігер жұмыс кестесін әзірлеген. Жоба белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Су түбін тереңдету жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу