Ақтау портының акваториясында тереңдету жұмыстары жүргізіледі

262

Маңғыстау облысындағы Ақтау портының акваториясында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тереңдету жұмыстары жүргізіледі.  

Ақтау портының акваториясында тереңдету жұмыстары жүргізіледі Фото: ҚР Көлік министрлігі

Түбін бір жарым-екі метрге тереңдету жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар ірі еуропалық Jan De Nul компаниясының мамандандырылған тереңдету техникасын тартады. Тереңдету жұмыстары терминал қуатын және инвестиция көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.

          

"Бүгінгі таңда Ақтау портының өткізу қабілеті шамамен 15 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 140 мың ЖФЭ. Биылғы мамыр айында арнайы техниканы жұмылдыру жұмыстары аяқталады. Тереңдету жұмыстарын биылғы жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Аталған жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында қабылданып жатқан кешенді шаралардың бір бөлігі", - делінген хабарламада.

TКХБ бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 3,5 есеге өсіп, 25 мың ЖФЭ құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде 7,2 мың ЖФЭ).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу