Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында бірден босатылды

427

Абай Түрікпенбаев сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында бірден босатылды Фото: Ақтау теңіз портының баспасөз қызметі

Алайда ол сот залында бірден босатылды, оның тергеу изоляторында отырған уақыты (2025 жылдың 25 сәуірінен бастап) "бір күн – екі күн" қағидаты бойынша есепке алынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша порттың бұрынғы директоры Ахмад Мұстафин де сотталды, оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы екі айыпталушы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Барлығына өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу