Ақтауда 11 жасар Нұрислам Мамбековті іздеуге "Lider.kz" еріктілер қозғалысы мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 11 жасар Нұрислам Мамбеков 4 желтоқсан күні сағат 16:35-те "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде қалы бар.
Қою көк түсті күртеше, көк түсті бас киім, ақ жолағы бар қара түсті шалбар киген.
Оның қолында киім салынған пакет пен сөмкесі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу