Ақтауда кәмелетке толмаған қыздың биіктен құлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Lada.kz жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
6 сәуірде күндіз қаладағы тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы қыз биіктен құлап кеткен. Оқиға Ақтаудың 13-шағын ауданында болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, аумақ қоршауға алынды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы қарастырылып отыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу