Ақтауда 30 мыңға жуық тұрғын салық төлемей жүр

609

Олардың мемлекет алдындағы берешегі 103 млн теңгеден асқан. Қазір жеке тұлғаларға қарызын өтеу үшін 30 күн көлемінде уақыт берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтауда 30 мыңға жуық тұрғын салық төлемей жүр Фото: egemen.kz

Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мадина Жақанқызының хабарлауынша, борышкерлер 30 жұмыс күн ішінде қарызын толық өтемейтін болса, мемлекеттік органнан салық бұйрығы дайындалып жеке сот орындаушысына жіберілетін болады. Іс жеке сот орындаушысына түскеннен кейін, қарыз сома толық өтелгенше салықтан жалтарушының барлық шоттары бұғатталады. Сондай-ақ жалпы қарыз сомасынан 25 пайыз көлемде жеке сот орындаушысының қызметі үшін де қаржы төлейтін болады.

Әр жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының берген мәліметімен азаматтардың мүлігі есептелетін болады. Соған сәйкес, атына мүлік тіркелген тұлғалар сол жылдың 1 қазанынан кешіктірмей салық төлеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу