Ақтауда 5 жасар қызға азғындық жасаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

440

Ақтауда 5 жасар қызды азғындады және зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деген дерек қоғамда толқу туғызды. 

Ақтауда 5 жасар қызға азғындық жасаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды Фото: google.com

Жәбірленушінің адвокаты Ажар Әбділдина қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады.

Тергеуші маңызды мәндері бар барлық дәлелдерді жинап, қылмыстық істі прокурорға жіберген. Айыптаумен келіскен жағдайда прокурор істі сотқа жолдайды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте қыздың анасы ауыр қылмыс туралы арызданды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 124-бабы кәмелетке толмағандарды азғындау және 121-бабының 4-бөлігі сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша тіркелген еді. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды. Прокурорлар қолдады. Қазіргі уақытта күдіктіні уақытша ұстау изоляторынан тергеу аяқталғанға дейін немесе сот үкім шыққанша тергеу изоляторына ауыстырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу